Windows жүйесіне арналған Kaspersky Endpoint Security KASPERSKY LAB СОҢҒЫ ПАЙДАЛАНУШЫСЫНЫҢ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМІ БАРЛЫҚ ПАЙДАЛАНУШЫҒА АРНАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕСКЕРТПЕ: БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ ПАЙДАЛАНБАС БҰРЫН МЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕЛІСІМДІ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ. ЛИЦЕНЗИЯ КЕЛІСІМІНІҢ ТЕРЕЗЕСІНДЕГІ КЕЛІСУ ТҮЙМЕСІН БАСУ АРҚЫЛЫ НЕМЕСЕ ТИІСТІ ТАҢБА(ЛАР)ДЫ ЕНГІЗУ АРҚЫЛЫ СІЗ ОСЫ КЕЛІСІМІНІҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫНА ӨЗ КЕЛІСІМІҢІЗДІ БЕРЕСІЗ. ОНДАЙ ӘРЕКЕТ СІЗДІҢ ҚОЛТАҢБАҢЫЗ РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ ЖӘНЕ СІЗДІҢ ОСЫ КЕЛІСІМ ШАРТТАРЫНА ӨЗ КЕЛІСІМІҢІЗДІ БЕРІП, ОНЫҢ БІР БӨЛІГІ БОЛЫП ТАБЫЛАСЫЗ ЖӘНЕ БҰЛ КЕЛІСІМНІҢ СІЗ ҚОЛ ҚОЙҒАН КЕЗ КЕЛГЕН ЖАЗБАША КЕЛІСІМ СИЯҚТЫ КҮШІ БАР ЕКЕНІНЕ КЕЛІСЕСІЗ. ЕГЕР ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ ҚАНДАЙ ДА БІР ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫНА КЕЛІСПЕСЕҢІЗ, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ ОРНАТУДАН БАС ТАРТЫҢЫЗ ЖӘНЕ ОНЫ ОРНАТПАҢЫЗ. ЕГЕР БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАМЕН БІРГЕ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМШАРТ НЕМЕСЕ СОҒАН ҰҚСАС ҚАНДАЙ ДА БІР ҚҰЖАТ БОЛСА, ОНДАЙ ҚҰЖАТТАҒЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ АҒЫМДАҒЫ СОҢҒЫ ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМІНЕН БАСЫМ БОЛАДЫ. ЛИЦЕНЗИЯ КЕЛІСІМІНІҢ ТЕРЕЗЕСІНДЕГІ КЕЛІСУ ТҮЙМЕСІН БАСУ АРҚЫЛЫ НЕМЕСЕ ТИІСТІ ТАҢБА(ЛАР)ДЫ ЕНГІЗУ АРҚЫЛЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ ОСЫ КЕЛІСІМ ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС ПАЙДАЛАНУҒА ҚҰҚЫҒЫҢЫЗДЫҢ БАР ЕКЕНДІГІН РАСТАЙДЫ. 1. Анықтамалар 1.1. Бағдарламалық жасақтама дегеніміз кез келген Жаңартулар мен қатысты материалдардан тұратын бағдарламалық жасақтаманы білдіреді. 1.2. Құқық иесі (ерекше немесе басқа бағдарламалық жасақтаманың барлық құқықтарының иесі) Ресей Федерациясы заңдарына сәйкес тіркелген Kaspersky Lab АҚ болып табылады. 1.3. Компьютер(лер) дегеніміз құрамдас бөлшектердің жиынтығы, оған дербес компьютерлер, ноутбуктар, жұмыс станциялары, жеке сандық көмекші құралдар, смартфондар, қол құрылғылары немесе басқа да электрондық құрылғылар және операциялық жүйе(лер) (оның ішінде жүйелік виртуалды машиналар) жатады, бағдарламалық жасақтама арнайы соларға жасалып, орнатылады және/немесе қолданылады. 1.4. Соңғы пайдаланушы (сіз/сіздің) өзі атынан Бағдарламалық жасақтаманы орнататын немесе пайдаланатын немесе Бағдарламалық жасақтаманың көшірмесін заңды пайдаланатын жеке тұлғаларды білдіреді; немесе егер Бағдарламалық жасақтама ұйым атынан жүктеп алынса немесе орнатылса, осындай жұмыс берушіні білдіреді, "Сіз" бұдан былай Бағдарламалық жасақтама жүктеп алынатын немесе орнатылатын ұйымды білдіреді және осындай ұйымның осы келісімді қабылдайтын адамға өз атынан осы әрекетті орындау рұқсатын бергені осында мәлім етіледі. Осы келісім мақсаттарына "ұйым" сөзі серіктестікті, жауапкершілігі шектеулі компанияны, корпорацияны, қауымдастықты, акционерлік қоғамды, қорды, бірлескен кәсіпорынды, еңбек ұйымын, акционерлік емес ұйымды немесе мемлекеттік органды және т.б. білдіреді. 1.5. Серіктес(тер) – Құқық иесімен бірге келісім және лицензия негізінде Бағдарламалық жасақтаманы тарататын ұйымдар немесе жеке тұлға(лар) болып есептеледі. 1.6. Жаңарту(лар)ға барлық бір жетілдіру жұмыстары, шығарылымдар, пакеттер, кеңейтімдер, түзетпелер, өзгерістер, көшірмелер, қосылған функциялар немесе техникалық қызмет көрсету бумалары т.б. кіреді. 1.7. Пайдаланушы нұсқаулығы пайдаланушы нұсқаулығын, әкімші нұсқаулығын, анықтамалық кітапты және байланысты түсіндіру немесе басқа материалдарды білдіреді. Пайдаланушы нұсқаулығының онлайн нұсқасын Құқық иесінің веб-сайтынан табуға болады: www.kaspersky.com және қажет болған жағдайда жаңартылуы мүмкін. 1.8. Лицензиялық сертификат лицензиялық кілттен және белсендіру кодынан, сондай-ақ лицензия туралы қосымша ақпараттан тұратын Пайдаланушыға берілетін құжатты білдіреді. 1.9. Белсендіру коды – 20 таңбадан тұратын бірегей код, ол бағдарламалық жасақтаманы белсендіру үшін қолданылады. 1.10. Веб-портал – Құқық иесі тарапынан көрсетілетін қызметтер, ол орнатылған Бағдарламалық жасақтама мен берілген Лицензияны басқару үшін қолданылады, сондай-ақ Бағдарламалық жасақтамадан ақпарат алуға және/немесе алынған ақпаратты сақтауға және техникалық қолдау қызметіне хабарласуға қолданылады. Веб-ресурс ретінде "Менің Kaspersky есептік жазбам", "Жеке кабинет", "Компанияның есептік жазбасы", "Kaspersky қорғаныс орталығы" қолданылады. Жоғарыда айтылған мақсатта басқа веб-ресурстар да қолданылуы мүмкін. 2. Лицензия беру 2.1. Пайдаланушы нұсқаулығында немесе Құқық иесінің техникалық қолдау көрсету веб-торабында сипатталған функция ауқымында Бағдарламалық жасақтаманы пайдалану бойынша айрықша емес лицензия беріледі және осы Пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген барлық техникалық талаптарды, сондай-ақ Лицензиялық келісімде көрсетілген шектеулерді және пайдалану шарттарын сақтауыңыз керек. Сынақ нұсқа. Егер Сіз бағдарламалық жасақтаманың сынақ нұсқасын алсаңыз, жүктеп алсаңыз және/немесе орнатсаңыз және Бағдарламалық жасақтама бағалау лицензиясы берілсе, басқаша көрсетілмеген жағдайда бастапқы орнату күнінен бастап Сіз бағдарламалық жасақтаманы тек бағалау мақсаттарына және тек бір рет қолданылатын бағалау кезеңінде пайдалана аласыз. Бағдарламалық жасақтаманы басқа мақсаттарға немесе тиісті бағалау кезеңінен тыс пайдалануға тыйым салынады. Бірнеше ортаға арналған бағдарламалық жасақтама; бірнеше тілді бағдарламалық жасақтама; қос медиалы бағдарламалық жасақтама; бірнеше көшірме; бумалар. Егер Бағдарламалық жасақтаманың басқа нұсқалары немесе Бағдарламалық жасақтаманың басқа тіл нұсқалары пайдаланылса, Бағдарламалық жасақтама бірнеше медиада алынса, Бағдарламалық жасақтаманың бірнеше көшірмесі алынса немесе басқа бағдарламалық жасақтамамен жинақталған Бағдарламалық жасақтаманы алсаңыз, Бағдарламалық жасақтаманың барлық нұсқаларында орнатуға болатын Компьютерлер саны алынған лицензияларда көрсетілген компьютерлер санына сәйкес келуі керек және лицензиялау шарттары беріледі, әрбір алынған лицензия бойынша Сіз 2.2 бөлімінде көрсетілген компьютерлер санына ғана Бағдарламалық жасақтаманы орнатып, қолдануыңыз керек. 2.2 Лицензиялық сертификатта қанша компьютер көрсетілсе, сонша компьютерді қорғау мақсатында Бағдарламалық жасақтаманы пайдалануға құқылысыз. 2.3. Бағдарламалық жасақтама көшірмесін тек резервтік көшірме ретінде жасауға болады және жоғалған, бұзылған немесе пайдалануға жарамсыз болған жағдайда, заңды түрде иеленген көшірмесін ауыстыруға құқылысыз. Бұл сақтық көшірме басқа мақсаттарға пайдаланылмайды және Бағдарламалық жасақтаманы пайдалану құқығын жоғалтқан кезде немесе лицензия мерзімі аяқталғанда немесе тұрғылықты еліңіздегі немесе Бағдарламалық жасақтама пайдаланылатын елдегі қолданылатын заңнамаға сәйкес басқа себеппен тоқтатылғанда бұзылуы қажет. 2.4. Бағдарламалық жасақтама белсендірілген уақыттан бастап немесе лицензиялық кілт файлы орнатылған уақыттан бастап (Бағдарламалық жасақтаманың сынақ нұсқасы бұл жағдайға жатпайды) Лицензия сертификатында көрсетілген уақыт аралығында Құқық иесінен немесе оның Серіктестерінен мынадай қызметтер алуға құқылысыз: - Құқық иесі өзінің веб-сайты немесе басқа да онлайн қызметтер арқылы бағдарламалық жасақтаманың жаңа нұсқаларын жариялағанда, интернет арқылы жаңа нұсқасын алуға құқылысыз. Сіз алған қандай да бір Жаңарту Бағдарламалық жасақтаманың бір бөлігі болып табылады және оған осы Келісімдегі шарттар мен талаптар қолданылады; - Интернет арқылы немесе техникалық қолдау қызметінің байланыс телефоны арқылы техникалық қолдау алуға құқылысыз; - Құқық иесі туралы ақпарат алуға және қосымша ресурстарына кіруге құқылысыз. 3. Белсендіру және шарт 3.1. Егер Компьютеріңіз өзгертілсе немесе басқа орнатылған жеткізуші бағдарламалық жасақтамасына өзгерістер жасалса, Құқық иесі Бағдарламалық жасақтаманы қайта белсендіруді немесе лицензиялық код файлын орнатуды талап етуі мүмкін. Құқық иесі лицензияның жарамдылығын және/немесе Сіздің компьютеріңізде орнатылған және/немесе қолданылған бағдарламалық жасақтама көшірмесінің заңды екенін растау үшін кез келген шара қолданып, тексеру процедураларын жүргізуге құқылы. 3.2. 2.1 бөлімінде көрсетілгендей сіз бағдарламалық жасақтаманың сынақ нұсқасын пайдалануға құқылысыз, Бағдарламалық жасақтаманы белсендірген уақыттан бастап бір реттік бағалау кезеңінде (30 күн) сізден ақы алынбайтын болады, себебі бұл Келісім бойынша сынақ нұсқасын Жаңарту мүмкін емес және интернет, сондай-ақ техникалық қолдау қызметінің байланыс телефоны арқылы техникалық қолдау ала алмайсыз. Егер Құқық иесі бір рет қолданылатын бағалау кезеңіне тағы уақыт қосатын болса, сізге ол туралы хабарланады. 3.3. Бағдарламалық жасақтаманы қолдану лицензиясының уақыты шектеулі, ол лицензия сертификатында көрсетіледі, ал қанша уақыт қалғанын Пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген тәсілдердің көмегімен көруге болады. 3.4. Бағдарламалық жасақтаманың функционалдығы қолданылып жатқан лицензия түріне байланысты болады, оны лицензия сертификатынан көре аласыз. Бағдарламалық жасақтама функционалдығы Пайдаланушы нұсқаулығындағы сипаттамаға сай келеді. 3.5. Бағдарламалық жасақтама қолданысының заңдылығын тексеру үшін Құқық иесі Сізде Бағдарламалық жасақтаманың лицензиялы көшірмесі бар-жоғын тексеруге құқылы. Бағдарламалық жасақтама қолданыс заңдылығын тексеру үшін Құқық иесінің қажетті лицензия ақпаратын тапсыра алады. Егер Пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген уақыт аралығында тексеру мүмкін болмаса, Бағдарламалық жасақтаманы функционалдығы шектеледі. 3.6. Бағдарламалық жасақтаманы пайдалану барысында және осы Бағдарламалық жасақтаманы пайдалану нәтижесінде алынған қандай да бір есепті немесе ақпаратты пайдалану барысында Сіз қолданыстағы барлық халықаралық, ұлттық, мемлекеттік, аймақтық және жергілікті заңдар мен ережелердің талаптарына, сонымен қатар құпиялылық, авторлық құқық, экспорттық бақылау және бейәдеп әрекеттерге қатысты жауапкершілік нормаларына және т.б. ережелерге бағынуыңыз керек. 3.7. Осы құжатта басқаша көрсетілмесе, осы Келісім бойынша Сізге берілген құқықтың немесе Сізге артылған міндеттемелердің ешқайсысын басқа біреуге тапсыра немесе тағайындай алмайсыз. 4. Техникалық қолдау 4.1. Осы Келісімнің 2.4 бөліміндегі Техникалық қолдау ережелеріне сәйкес Бағдарламалық жасақтаманың ең соңғы жаңартуы орнатылған кезде (Бағдарламалық жасақтаманың сынақ нұсқасын ескермегенде) Техникалық қолдау беріледі. Техникалық қолдау көрсету қызметін және оның ережелерін мына сайттан таба аласыз: http://support.kaspersky.com 4.2. Веб-порталда көрсетілген пайдаланушы дерегін тек Техникалық қолдау қызметінің мамандары ғана пайдаланушы сұрауларын қарастырып жатқанда қолдана алады. Техникалық қолдау алу үшін Сіз веб-порталға тіркелуіңіз керек. 5. Ақпарат жинау 5.1. Құқық иесінің өнімдерін тарату және қолдану жөніндегі статистикалық ақпаратты жинау үшін Бағдарламалық жасақтаманы белсендіру кодының көмегімен белсендірген кезде, Бағдарламалық жасақтаманы пайдаланып жатып мына ақпаратты автоматты түрде беруге келісім бересіз: - Орнатылған Бағдарламалық жасақтаманың нұсқасы, оның ішінде орнатылған жаңартулар, орнату идентификаторы және ағымдағы лицензия туралы ақпарат, - Операциялық жүйенің нұсқасы, - Ақпаратты ұсынған уақыттағы Бағдарламалық жасақтаманың белсенді құрамдастарының идентификаторлары. 5.2. Жаңа зиянкестерге және оның көздеріне қатысты қауіпсіздікті жақсарту мақсатында және қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында Құқық иесі сіздің келісіміңізбен (ол Kaspersky Security Network жөніндегі дерек жинау мәлімдемесінде расталған) мұндай ақпараттарды алуға құқылы. Орнату барысында Kaspersky Security Network қызметін белсендіруіңізге болады. Сонымен қатар Бағдарламалық жасақтаманың опциялары бетінде Kaspersky Security Network қызметін кез келген уақытта іске қосуға және өшіруге болады. Сонымен қатар Құқық иесімен жиналған ақпарат Құқық иесінің жеке тарапынан қауіпсіздік қаупі трендтерін бақылауға және есептерін жариялауға пайдаланылатынына келісесіз. Жоғарыдағы ақпаратты ұсыну ерікті түрде жүзеге асырылады. 5.3. Бағдарламалық жасақтама жеке басты айқындайтын деректерді және қандай да бір жеке ақпараты бар деректі өңдемейді. Құқық иесі алынған ақпаратты заңмен қарастырылған талаптарға сай қорғайды. 5.4. Егер Бағдарламалық жасақтама жинаған ақпараттың Құқық иесіне жіберілуін қаламасаңыз, Kaspersky Security Network қызметін белсендірмеуіңіз және/немесе өшірмеуіңіз керек. 6. Шектеулер 6.1. Бағдарламалық жасақтаманы үлгілеуге, клондауға, жалға беруге, беруге, сатуға, өзгертуге, қайта құрастыруға немесе қайта жобалауға болмайды немесе қолданбалы заңнама бойынша Сізге берілген бұлтартпас құқық ерекшелігімен Бағдарламалық жасақтама немесе кез келген бөлігі негізінде туынды жұмыстар жасауға немесе бөлшектеуге болмайды және Бағдарламалық жасақтаманың кез келген бөлігін адам оқи алатын пішінге қысқартуға немесе лицензиялы Бағдарламалық жасақтаманы немесе лицензиялы Бағдарламалық жасақтаманың қосымша жиынын тасымалдауға болмайды немесе үшінші тараптың орындауына рұқсат етілмейді, ағымдағы шектеу тиісті заңмен тыйым салынады. Меншік болып есептелетін бағдарлама алгоритмін қайта жасау үшін Бағдарламалық жасақтаманың екілік кодын немесе бастапқы кодын пайдалануға немесе оның кері инжинирингін жасауға болмайды. Осы жерде анық берілмеген барлық құқықтар Құқық иесімен және/немесе жабдықтаушыларымен сақталады. Бағдарламалық жасақтаманы рұқсатсыз пайдалану осы Келісімнің және Лицензияның бірден және автоматты түрде тоқтауына, Сізге қатысты қылмыс істің және/немесе азаматтық тергеудің жүргізілуіне себеп болуы мүмкін. 6.2. Бағдарламалық жасақтаманы қолдану құқығын қандай да бір үшінші тарапқа тапсырмауыңыз керек. 6.3. Белсендіру кодын және/немесе лицензия кілтінің файлын үшінші тараптарға беруге немесе үшінші тараптардың белсендіру кодын және/немесе лицензия кілтін ашуға рұқсат етуге болмайды, ол Құқық иесінің құпия дерегі ретінде есептеледі. 6.4. Бағдарламалық жасақтаманы үшінші тарапқа жалға беруге, беруге немесе қарызға беруге болмайды. 6.5. Пайдаланушы нұсқаулығында сипатталған зақымдарды анықтауға, құлыптауға немесе түзетуге пайдаланылатын деректерді немесе Бағдарламалық жасақтаманы жасауда Бағдарламалық жасақтама пайдаланылмауы керек. 6.6. Осы Келісімнің қандай да бір шарттары мен талаптарын бұзсаңыз, кілт файлының бұғатталуы мүмкін. 6.7. Егер Бағдарламалық жасақтаманың сынақ нұсқасы пайдаланылса, осы Келісімнің 4-бөлімінде көрсетілген Техникалық қолдауды алу құқығыңыз болмайды және Бағдарламалық жасақтаманы пайдалану лицензиясын немесе құқықтарын үшінші тарапқа тапсыру құқығыңыз болмайды. 7. Шектеулі кепілдік және бас тарту 7.1. Құқық иесі Бағдарламалық жасақтаманың пайдаланушы нұсқаулығындағы сипаттамаларға сай жұмыс істейтініне кепілдік береді алайда шектеулі кепілдік мына жағдайларға жүрмейді: (w) Компьютеріңіздегі ақаулықтарға және соған байланысты кез келген ақауға Құқық иесі кепілдік бойынша жауапкершіліктен үзілді-кесілді бас тартады; (x) дұрыс пайдаланбау, немқұрайлы қарау, оқыс оқиға, дұрыс орнатпау, дұрыс жұмыс істемеу немесе техникалық қызмет көрсетпеу, ұрлық, вандализм, табиғи апаттар, терроризм, электр қуатының сөнуі немесе кернеудің артуы, апаттық жағдайлар, Құқық иесінен басқа тараптың, қандай да бір үшінші тараптың немесе сіздің тарапыңыздан рұқсатсыз өзгеріс енгізу немесе жөндеу жұмыстарының немесе Құқық иесінің бақылауынсыз жасалған әрекеттердің нәтижесінде пайда болған ақаулықтар мен кемшіліктер; (y) ақаулық алғаш пайда болғанда Құқық иесіне хабарлар етілмеген кез келген ақаулық және (z) Сіздің компьютеріңізде орнатылған жабдықтың және/немесе бағдарламалық жасақтаманың құрамдастарына байланысты туындаған үйлеспеушілік. 7.2. Бағдарламалық жасақтама ешбірі қатесіз болмайтынын растап, қабылдап келісесіз және өзіңізге ыңғайлы уақытта Компьютердегі деректердің резервтік көшірмесін жасап тұрғаныңыз жөн. 7.3. Құқық иесі Пайдаланушы нұсқаулығында немесе осы Келісімде сипатталған шарттарды бұзған жағдайда Бағдарламалық жасақтаманың дұрыс жұмыс істейтініне кепілдік бермейді. 7.4. Құқық иесі осы Келісімнің 2.4 бөлімінде көрсетілген Жаңартуларды уақытылы жүктеп алмаған жағдайда Бағдарламалық жасақтаманың дұрыс жұмыс істейтініне кепілдік бермейді. 7.5. Лицензиялық сертификатта көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін немесе қандай да бір себептермен Бағдарламалық жасақтаманы пайдалану лицензиясы тоқтатылғаннан кейін Құқық иесі Пайдаланушы нұсқаулығында сипатталған зиянкестерден қорғаныстың қамтамасыз етілетініне кепілдік бермейді. 7.6. Бағдарламалық жасақтама әдепкі бойынша қолданылатын Kaspersky стандартты параметрлерімен келетінін растайсыз және Бағдарламалық жасақтаманы жеке талаптарыңызға сәйкестендіру үшін теңшеуге өзіңіз жауапты боласыз. 7.7. БАҒДАРЛАМА «СОЛ ҚАЛПЫНДА» БЕРІЛЕДІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИЕСІ ОНЫҢ ПАЙДАЛАНУЫНА НЕМЕСЕ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАМАЙДЫ ЖӘНЕ КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАҢНАМА АРҚЫЛЫ ҚОСПАУҒА НЕМЕСЕ ШЕКТЕУГЕ БОЛМАЙТЫН КЕПІЛДІКТІ, ШАРТТЫ, МӘЛІМДЕМЕНІ НЕМЕСЕ ТАЛАПТЫ ҚОСПАҒАНДА, ҚҰҚЫҚ ИЕСІ ЖӘНЕ СЕРІКТЕСТЕРІ ҮШІНШІ ТАРАПТАР ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗБАУ, КОММЕРЦИЯЛЫҚ САПА, ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ САПА, БІРІГУ НЕМЕСЕ БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА ҚОЛДАНУ ЖАРАМДЫЛЫҒЫМЕН ШЕКТЕЛМЕЙ КЕЗ КЕЛГЕН МӘСЕЛЕГЕ КЕПІЛДІК, ШАРТ, МӘЛІМДЕМЕ НЕМЕСЕ ТАЛАП (ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА, ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІ, ЖАЛПЫ ҚҰҚЫҚ, ӘДЕТ, ПАЙДАЛАНУ НЕМЕСЕ ӨЗГЕ БОЙЫНША) БЕРМЕЙДІ. БАРЛЫҚ АҚАУЛЫҚТАРҒА ЖӘНЕ ТОЛЫҚ ӨНІМДІЛІК ҚАУПІНЕ ЖӘНЕ АРНАЙЫ НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ ҮШІН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ ТАҢДАУ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНЕ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАДАН АЛЫНҒАН НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖӘНЕ ОРНАТУҒА КЕЛІСЕСІЗ. ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРМЕН ШЕКТЕЛІП ҚАЛМАЙ ҚҰҚЫҚ ИЕСІ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫҢ ҚАТЕСІЗ, КЕДЕРГІЛЕРСІЗ НЕМЕСЕ БАСҚА АҚАУЛЫҚТАРСЫЗ ЕКЕНДІГІНЕ НЕМЕСЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА ҚҰҚЫҚ ИЕСІНЕ ЖАРИЯЛАНБАҒАН КЕЗ КЕЛГЕН НЕМЕСЕ БАРЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕС БОЛАТЫНЫНА КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ. 8. Microsoft Windows брандмауэрімен өзара әрекеттестік 8.1. Бағдарламалық жасақтаманы орнату кезінде қосылып тұрған Windows брандмауэрін өшіріп қоюға болатынын мойындайсыз. Windows брандмауэрінің параметрлері мен ережелері орнатылған Бағдарламалық жасақтамаға экспортталмайды. 9. Міндеттемеден босату және шектеу 9.1. ҚОЛДАНБАЛЫ ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛЕТІН МЕРЗІМГЕ ДЕЙІН ҚҰҚЫҚ ИЕСІ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ СЕРІКТЕСТЕР БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ ПАЙДАЛАНУ НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНА АЛМАУ, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА АРҚЫЛЫ ҚОЛДАУ НЕМЕСЕ БАСҚА ҚЫЗМЕТТЕРДІ, АҚПАРАТТЫ, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ ЖӘНЕ ҚАТЫСТЫ МАЗМҰНДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ НЕМЕСЕ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТПЕУ НЕМЕСЕ ОСЫ КЕЛІСІМ ЖАҒДАЙЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ НЕМЕСЕ КЕЛІСІМШАРТТЫ НЕМЕСЕ МӘМІЛЕНІ БҰЗУ (ОНЫҢ ІШІНДЕ, ҰҚЫПСЫЗДЫҚ, ДҰРЫС КӨРСЕТПЕУ, ҚАТАҢ ТҮРДЕГІ ЖАУАПКЕРШІЛІК НЕМЕСЕ МІНДЕТТЕМЕ) НЕМЕСЕ МІНДЕТТЕМЕНІ БҰЗУ НЕМЕСЕ ҚҰҚЫҚ ИЕСІНІҢ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ СЕРІКТЕСТЕРІНІҢ КЕПІЛДІГІН БҰЗУ САЛДАРЫНАН ОРЫН АЛҒАН АРНАЙЫ, КЕЗДЕЙСОҚ, АЙЫПТЫҚ, ЖАНАМА НЕМЕСЕ ЖҮЙЕЛІ ЗАҚЫМДАРҒА (ОНЫҢ ІШІНДЕ, ТАБЫС, ҚҰПИЯ НЕМЕСЕ БАСҚА АҚПАРАТТЫ ЖОҒАЛТУ, БИЗНЕС КЕДЕРГІСІ, ҚҰПИЯЛЫЛЫҚТЫ ЖОҒАЛТУ, БҰЗЫЛЫС, ЗАҚЫМ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕР НЕМЕСЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖОҒАЛТУ, МІНДЕТТЕМЕНІ ҰСТАНБАУ АҚАУЛЫҒЫ, ЖАҚСЫ СЕНІМ НЕМЕСЕ СЕНІМДІ КҮТІМ МІНДЕТТЕМЕСІ, ҰҚЫПСЫЗДЫҚ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШЫҒЫН ЖӘНЕ АҚШАЛАЙ НЕМЕСЕ БАСҚА ШЫҒЫНДАР) ЕШБІР ЖАҒДАЙДА ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ. ҚҰҚЫҚ ИЕСІ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ СЕРІКТЕСТЕРІ МІНДЕТТІ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ҚҰҚЫҚ ИЕСІ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ СЕРІКТЕСТЕРІНІҢ МІНДЕТТЕМЕСІ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА ШЫҒЫНДАРЫМЕН ШЕКТЕЛЕТІНІНЕ КЕЛІСЕСІЗ. ҚҰҚЫҚ ИЕСІ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ СЕРІКТЕСТЕРІНІҢ МІНДЕТТЕМЕСІ ЕШБІР ЖАҒДАЙДА БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА ҮШІН ҚҰҚЫҚ ИЕСІНЕ НЕМЕСЕ СЕРІКТЕСКЕ ТӨЛЕНГЕН ТӨЛЕМНЕН АСПАУЫ КЕРЕК (ҚОЛДАНЫЛҒАН ЖАҒДАЙДА). ОСЫ КЕЛІСІМДЕГІ ЕШБІР АҚПАРАТ ӨЛІМ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ЖАРАҚАТ ЖАҒДАЙЫН ЕСЕПТЕН ШЫҒАРМАЙДЫ НЕМЕСЕ ШЕКТЕМЕЙДІ. ОСЫ КЕЛІСІМДЕГІ БАС ТАРТУ, ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ НЕМЕСЕ ШЕКТЕУ ЖАҒДАЙЫ ҚОЛДАНБАЛЫ ЗАҢҒА СӘЙКЕС ЕСЕПТЕН ШЫҒАРЫЛУЫ НЕМЕСЕ ШЕКТЕЛУІ МҮМКІН ЕМЕС, ТЕК ОСЫ БАС ТАРТУ, ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ НЕМЕСЕ ШЕКТЕУ СІЗГЕ ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ ЖӘНЕ СІЗ БАРЛЫҚ ҚАЛҒАН БАС ТАРТУЛАРМЕН, ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУЛАРМЕН ЖӘНЕ ШЕКТЕУЛЕРМЕН БАЙЛАНЫСТЫРЫЛАСЫЗ. 10. GNU және басқа да үшінші тарап лицензиялары 10.1. Бағдарламалық жасақтамаға GNU жалпы әлеуметтік лицензия (GPL) немесе басқа құқықтармен қоса пайдаланушының белгілі бір бағдарламаларды немесе бөліктерді көшіруге, өзгертуге және қайта таратуға және «Ашық бағдарламалық жасақтама» бастапқы кодына кіруге рұқсат беретін басқа ұқсас тегін бағдарламалық жасақтама лицензиялары бойынша лицензия (немесе қосымша лицензия) берілген кейбір бағдарламалық жасақтамалар кіруі мүмкін. Егер мұндай лицензияларға екілік пішімде таратылатын бағдарламалық жасақтама талап етілсе, бастапқы көз коды осы пайдаланушыларға қолжетімді болса, бастапқы кодты source@kaspersky.com мекенжайына сұрау жіберу арқылы алдыруға болады немесе бастапқы код Бағдарламалық жасақтамамен бірге беріледі. Егер Ашық бағдарламалық жасақтама лицензиялары Құқық иесіне осы Келісімде берілгеннен көп құқық беретін Ашық бағдарламалық жасақтаманы пайдалану, көшіру немесе өзгерту құқықтарын беруді талап етсе, ондай құқықтар осы құжаттағы құқықтар мен шектеулерге қарағанда басымдыққа ие болады. 11. Интеллектуалды меншік иелігі 11.1. Бағдарламалық жасақтама және авторлық, жүйелер, идеялар, жұмыс әдістері, құжаттама және Бағдарламалық жасақтамада қамтылған басқа ақпарат – интеллектуалды меншік және/немесе Құқық иесі немесе Серіктестерінің маңызды сауда құпиялары және Құқық иесі мен серіктестері азаматтық және қылмыс заңымен және Ресей Федерациясы, Еуропалық Одақ және Америка Құрама Штаттары, басқа елдер мен халықаралық ұйымдардың авторлық құқық, сауда құпиясы, сауда белгісі және патенттер заңымен қорғалады. Бұл Келісім Сізге интеллектуалды меншік құқықтарын бермейді, оның ішінде Құқық иесі және/немесе Серіктестерінің сауда белгілері немесе қызмет белгілері ("Сауда белгілері"). Сауда белгісі тәжірибесіне, оның ішінде Сауда белгісі иесінің аты идентификациясына сәйкес шығарылған, басылған шығысты анықтау үшін Сауда белгілерін ғана пайдалана аласыз. Кез келген Сауда белгісін осылай пайдалану сізге Сауда белгісіне ие болу құқығын бермейді. Құқық иесі және/немесе серіктестері Бағдарламалық жасақтаманың барлық құқығын, атын және үлесін иелік етіп сақтайды, оның ішінде Құқық иесімен немесе үшінші тараппен жасалған қате түзетулері, кеңейтімдер, Бағдарламалық жасақтаманың Жаңартулары немесе басқа өзгерістері және барлық авторлық құқықтар, патенттер, сауданың құпия құқықтары, сауда белгілері және басқа интеллектуалды меншік құқықтары. Бағдарламалық жасақтаманы сақтау, орнату немесе пайдалану Бағдарламалық жасақтамадағы интеллектуалды меншікке атты тасымалдамайды және осы Келісімде орнатылғанды ескермегенде Бағдарламалық жасақтама құқықтарын алмайсыз. Осында жасалған Бағдарламалық жасақтаманың барлық көшірмелерінде Бағдарламалық жасақтамада пайда болатын меншіктік ескертпелер болуы қажет. Осы жердегі мәлімденгенді ескермегенде осы Келісім Бағдарламалық жасақтамадағы интеллектуалды меншік құқықтарын бермейді және осы Келісім бойынша берілген Лицензия осы Келісімнің шарттары мен талаптары бойынша шектеулі пайдалану құқығын ғана беретінін растайсыз. Құқық иесі осы Келісімде берілген сізге берілмеген құқыққа ие. 11.2. Бағдарламалық жасақтаманы ешбір жолмен өзгертпеуге немесе ауыстырмауға келісесіз. Бағдарламалық жасақтама көшірмелерінде авторлық құқық ескертпелерін немесе басқа меншіктік ескертпелерді жоя немесе өзгерте алмайсыз. 12. Негізгі заңнама; Мәселелерді шешу тәртібі 12.1. Бұл келісім Ресей Федерациясының заң ережелері мен қағидаларына қайшы келмейтіндей заң негізінде қарастырылып, жасалады. Бұл Келісім Халықаралық тауар сату келісімшарттарының БҰҰ конвенциясымен басқарылмауы керек, қолданысына тыйым салынады. Тікелей келіссөздер арқылы шешілмесе, осы Келісімнің шарттарын түсіндіру немесе қолдануға қатысты туындаған қандай да бір дау-дамай немесе оның шарттарының бұзылуы Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласындағы Өнеркәсіп және сауда жөніндегі Ресей Федерациясының палатасындағы Халықаралық коммерциялық арбитраждық сотта шешілуі керек. Шешім шығарушының кез келген шешімі кесімді шешім болып табылады және тараптардың барлығына міндетті болып табылады және мұндай арбитраждық шешім бойынша шығарылған сот шешімі кез келген юрисдикция сотында қолданылады. 12-бөлімдегі ешбір қағида тараптардың юрисдикция сотынан арбитраждық процедуралардан бұрын, арбитраждық процедуралар кезінде немесе одан кейін әділ көмек сұрауына кедергі бола алмайды. 13. Талап ету мерзімі 13.1. Осы Келісім бойынша транзакциялардан туатын әрекетсіздік пішінге қарамастан әрекет орын алғаннан кейін немесе ашылғаннан кейін бір (1) жылдан аса уақыттан кейін болуы мүмкін, интеллектуалды меншік құқықтарын бұзу әрекеті максималды рұқсат етілетін міндетті кезең ауқымында болуы мүмкін. 14. Толық келісі; Бөлінуі; Бас тартусыз 14.1. Бұл Келісім сіз бен Құқық иесі арасындағы толық келісім болып табылады және Бағдарламалық жасақтамаға немесе осы Келісім мәселесіне қатысты басқа бұрынғы жазбаша немесе ауызша келісімдер, ұсыныстар, байланыстар немесе жарнама алдында басымдыққа ие. Осы Келісімді оқығаныңызды, түсінгеніңізді растап, шарттарын ұстануға келісесіз. Егер осы Келісімнің кез келген жағдайы құзыретті сотпен жарамсыз, заңсыз немесе белгілі бір себеппен толығымен немесе жартылай күшінде емес болса, осындай жағдай заңды және күшіне ендіру үшін қайта құрастырылады және толық Келісім есепке алынбайды және Келісім балансы толық күшінде болып, бастапқы мерзіміне дейін сақтау кезінде заңмен немесе капиталмен рұқсат етілетін мерзімге дейін жарамды болады. Сіз бен Құқық иесінің өкілетті өкілімен жазбаша жазылып, қол қойылмайынша ешбір жағдайдан немесе талаптан бас тартуға болмайды және осы Келісімнің белгілі бір жағдайын бұзу мерзімінен бұрынғы, жүйелі немесе бір уақыттағы бұзылыс болып есептеледі. Құқық иесінің осы Келісім жағдайын немесе құқығын ұстанбауы немесе қатаң түрде орындамауы осындай жағдайдан немесе құқықтан бас тарту болып есептелмейді. 15. Құқық иесінің байланыс ақпараты Осы Келісімге қатысты сұрақтарыңыз болса немесе Құқық иесімен белгілі бір себеппен хабарласқыңыз келсе, біздің Тұтынушыға қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз: Kaspersky Lab АҚ, 3-ғимарат, 39А, Ленинград тас жолы Мәскеу, 125212 Ресей Федерациясы Эл.пошта: info@kaspersky.com Веб-торап: www.kaspersky.com © 2016 Kaspersky Lab АҚ. Барлық құқықтары қорғалған. Бағдарламалық жасақтама және ілеспелі құжаттама авторлық құқықпен қорғалады және авторлық құқық заңдарымен, халықаралық авторлық құқық келісімдерімен және басқа интеллектуалды меншік заңдарымен және келісімдерімен қорғалады.