KES 10 SP2 (10 SP2MR3) бумасына арналған Maintenance Release 3 жаңартуы Microsoft Windows 10 April Update (Redstone 4, version 1803) және October Update (Redstone 5, version 1809) операциялық жүйесіне қолдау көрсету үшін қажетті өзгерістерді қамтиды. Бағдарлама жаңартуының келесі ерекшеліктеріне назар аударыңыз: ∙ Жаңартуды орнатқан соң, оны артқа қайтарып, бағдарламаның алдыңғы нұсқасына оралу мүмкін болмайды. ∙ Егер компьютеріңізде үйлеспейтін жеке патчтар орнатылған болса, онда жаңартуды орнату мүмкін болмайды. Жаңартумен үйлесетін жеке патчтардың тізімі осында көрсетілген: https://support.kaspersky.ru/14426 ∙ Жаңартуды тек жарамды лицензиясы бар дербес компьютерде ғана орнатуға болады. ∙ Толық дискілік шифрлау (FDE) функциясы бағдарлама жаңартуын орнату аяқталғанша бұғатталады. ∙ Компьютерде толық дискілік шифрлау (FDE) көмегімен шифрланған қатты дискілермен жаңартуды аяқтау үшін 2 рет өшіріп қайта қосу қажет болады. Бағдарламаны қашықтан басқару үшін Kaspersky Endpoint Security 10 Service Pack 2 нұсқасындағы плагинді пайдалануыңызға болады. Kaspersky Endpoint Security 10 Service Pack 2 (10.3.0.6294 нұсқасы) басқару плагинін осы жерден жүктеп алуға болады: https://support.kaspersky.ru/9333